Бос лауазымға арналған конкурс

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті экономика және жоспарлау бөлімі экономисінің бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) жоғары оқу орны басшысының атына өтініш (ерікті нысанда);
2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
3) өмірбаян;
4) білімі туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтамасы;
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11304 тіркелген) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
9) №272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
10) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтамасы.
Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Экономика және жоспарлау бөлімінің экономисі білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім беру қызметіне қатысты ҚР Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілері.
Экономика және жоспарлау бөлімі экономисінің біліктілік талаптары: Тиісті мамандық бойынша жоғары білімі және еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Бос лауазымға орналасу туралы құжаттарды қабылдау күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірілмей 2019 жылдың наурыз айының 1 мен 14 аралығында сағ.17:00-ге дейін жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, кадрлар бөлімі, 205 каб.; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .
Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: кадрлар бөлімі 8(7242)27-86-28.

JoomShaper