Бос лауазымдарға арналған конкурс!

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті төмендегі бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту факультетінің деканы – 1 бірлік;

педагогикалық факультетінің деканы – 1 бірлік;

педагогикалық факультетінің декан орынбасары – 1 бірлік;

«Шетел тілдері және аударма» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік;

«Физика және математика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) – 1 бірлік;

«Философия және мәдениеттану» кафедрасының доценті – 1 бірлік;

«Кәсіптік оқыту» кафедрасының аға оқытушысы – 1 бірлік;

«Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы – 1 бірлік;

«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының оқытушысы – 1 бірлік;

«Практикалық ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы – 1 бірлік;

«Электр энергетикасы және өміртіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының оқытушысы – 1 бірлік;

әскери кафедраның оқытушысы – 4 бірлік. 

Университет қызметкері болып табылатын адам, конкурсқа қатысу үшін өтініммен бірге келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурстан өтер алдындағы кезең ішіндегі еңбектері мен өнертабыстарының куәландырылған, оқытушы (автор) және университеттің Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы қолдарын қойған тізімі (№3 Қосымша);

2) конкурстан өтер алдындағы кезеңде соңғы үш жылдағы біліктілік жоғарылатуын дәлелдейтін құжаттардың нотариалды немесе жұмыс орнындағы кадрлық қызметпен куәландырылған көшірмелері;

3) бос штаттық лауазымға орналасуға үміткердің ғылыми-педагогикалық қызметінің таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайды). Таныстырылым қамтуы тиіс:

- педагогикалық қызметі туралы жалпы ақпаратты;

- білім бағдарламасы аясындағы оқытушының дағдылары;

- педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерін пайдалану;

- білім алушының өз бетіндік жұмыстарын ұйымдастыру (тапсырмалар, орындауға қойылатын талаптар, бағалау критерийлері);

- оқыту нәтижелерін және оларға жету құралдарын қою;

- сабақтардың фрагменттері, сабақтардың бейнежазбалары, пәннің таныстырылымы, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуінің таныстырылымы т.с.с..

4) Бос штаттық лауазымға үміткердің кандитатурасы бойынша тиісті құрылымдық бөлімшенің ұсынымдары, мәжіліс хаттамасынан үзінді көшірмелерін қоса беру арқылы. 

  Университет қызметкері емес адам конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1)             жоғары оқу орны басшысының атына өтініш (ерікті нысанда);

2)             кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

3)             өмірбаян;

4)             жоғары және/немесе жоо кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және түпнұсқалары;

5)             қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

6)             ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының куәландырылған тізімі (болған жағдайда);

7)             еңбек кітапшасының көшірмесі;

8)             ОПҚ лауазымына үміткер туралы кафедраның ұсынымдары, кафедра мәжілісінің хаттамаларынан үзінді көшірмелері;

9)             № 086/У үлгі бойынша дәрігерлік анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);

10)         соттылығы бар не жоқтығы, әкімшілік жауаптылығы бар не жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетімен берілген анықтамалар;

11)          бос штаттық лауазымға орналасуға үміткердің ғылыми-педагогикалық қызметінің таныстырылымы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан саспайды). Таныстырылымда қамтылуы тиіс:

- педагогикалық қызметі туралы жалпы ақпарат;

- білім бағдарламасының аясындағы оқытушының дағдылары;

- педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерін пайдалану;

- білім алушылардың өз бетіндік жұмыстарын ұйымдастыру (тапсырмалар, орындауға қойылатын талаптар, бағалау критерийлері);

- оқыту нәтижелерін және оларға жету құралдарын қою;

- сабақтардың фрагменттері, сабақтың бейнежазбасы, пәннің таныстырылымы, пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуінің таныстырылымы және т.с.с..

12)         наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте жоқтығы туралы анықтамалар.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады. 

Факультет деканы білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын, жоғары білім беру жүйесін дамыту және іс-әрекет сұрақтарын реттеу басқа да нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін, экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Факультет деканының біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс. 

Декан орынбасары білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын және б асқа да жоғары оқу орны жүйесінің қызметі мен дамуын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді; білім беру жүйесінің негізгі бағыттары мен даму болашағын; оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты отандық және шет елдік жетістіктерді; оқу жұмыстарын жетілдірудің әдістемесін; педагогика мен психология негіздерін, оқу-тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесін; тиісті мамандықтар бойынша негізгі ғылыми мәселелерді; мамандарды қайта дайындауға және біліктіліктерін арттыруға байланысты қолданыстағы нормативтік құжаттарды; еңбек туралы заңдардың негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарын, экономика негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Декан орынбасарының біліктілік талаптары: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс. 

Кафедра меңгерушісі білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативті-құқықтық актілерін; мамандықтар мен мамандану пәндері бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Кафедра меңгерушісінің біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD) дәрежесі, педагогикалық немесе басшы қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. 

Қауымдастырылған профессор (доцент) білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңнамаларын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Қауымдастырылған профессорінің (доцент) біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. 

Кафедраның аға оқытушысы білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; өз мамандығы бойынша оқу-ғылыми пәндерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Кафедра аға оқытушысының біліктілік талаптары: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

Кафедраның оқытушысы білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.

Кафедра оқытушысының біліктілік талаптары: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесі. 

Әскери кафедра оқытушысының біліктілік талаптары: Жоғары әскери білімі (әскери дайындығы бар жоғары азаматтық білімі), әскери атағының болуы (капитаннан төмен емес) керек.   

Әскери кафедраның оқытушысы білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын: “Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы”,  “Әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы”, “Білім туралы”, “Ғылым туралы”, “Жемқорлықпен күрес туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы”, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің  2017 жылғы  24 шілдеде шыққан № 375 «Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын Қазақстан Республикасының әскери Доктринасын және басқа да нормативті-құқықтық актілері, әскери білім жүйесінің дамуы мен функционалды реттеуші сұрақтарын;

      – оқу жұмысында құжаттарды жүргізу ережесін;

      – кәсіби оқыту педагогикасын, физиологиясын және әдістемесін;

      – студенттерді тәрбиелеудің жаңа түрлері мен әдістерін;

      – еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы сақтану ережелері мен      нормасын білуі керек. 

Бос лауазымдарға орналасу туралы құжаттарды қабылдау күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей 2019 жылдыңнаурыз айының 27 мен сәуір айының 27аралығында сағ.17:00-ге дейін жүргізіледі.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014,  Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, кадрлар бөлімі, 205 каб.; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242)27-86-28.

JoomShaper