Бос лауазымға арналған конкурс

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру басқармасы басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) жоғары оқу орны басшысының атына өтініш (ерікті нысанда);
2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
3) өмірбаян;
4) білімі туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтамасы;
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
9) №272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
10) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтамасы.
Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Басқарма басшысының біліктілік талаптары: Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтардың бірінен жоғары білімі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, PhD докторы (философия докторы) академиялық дәрежесі болуы, білім ұйымдарындағы басшылық қызметтерде кем дегенде 3 жыл еңбек өтілі болуы.
Басқарма басшысы білуі тиіс: Ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру басқармасы бастығы білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2018жж. арналған мемлекеттік бағдарламасын және жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік материалдарды, жоғары оқу орны саласының техникалық және ғылыми дамуының болашағын, жоғары оқу орнының кадрлық ресурстарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (қосымша білім беру) саласындағы шетелдік білім беру мекемелерінің ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін, еңбек заңнамаларын, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.
Басқарма басшысы жасай білуі тиіс: Кәсіпорынның автоматтандыруындағы өзгерістерді болжау және оңтайландыру шараларын әзірлеу. Ақпараттық жүйені пайдалану және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеуге жетекшілік жасау. Мекеменің корпоративтік желісін құру бойынша, оқу процесін автоматтандыру бойынша жұмыс тәжірибесі болу қажет.
Бос лауазымға орналасу туралы құжаттарды қабылдау күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірілмей 2019 жылдың мамыр айының 27 мен маусым айының 9 аралығында сағ.17.00-ге дейін жүргізіледі.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:
120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, кадрлар бөлімі, 205 каб.; e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: кадрлар бөлімі 8(7242)27-86-28.

JoomShaper