Бос лауазымға арналған конкурс

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті халықаралық байланыстар бөлімінің маманының және аудармашы-мамынының бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды.


Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) жоғары оқу орны басшысының атына өтініш (ерікті нысанда);
2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
3) өмірбаян;
4) білімі туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары; 5) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтамасы;
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
9) №272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
10) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтамасы.
Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Халықаралық байланыстар бөлімінің маманы және аудармашы-маманы білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын және жоғары білім мен жоо кейінгібілім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, шетел тілін, ғылыми-техникалық аударма әдістерін; халықаралық байланыстар бөліміне қатысты нормативтік және әдістемелік құжаттарды; аудармаларды үйлестірудің қолданыстағы жүйесін; мәдениетаралық қарым-қатынастеориясын, оқитын тілдер елдерінің тарихы мен мәдениетін;аудармашылық қызметтің әдістері мен тәсілдерін;келісімдер жасасу және орындау тәртібін; орыс және шетел тілдеріндегі аудармалар тақырыптары бойынша терминологияны; сөздіктер, терминологиялық стандарттар, жинақтар мен анықтамалықтар; ғылыми және әдеби редакциялау негіздерін; орыс, қазақ және шетел тілдерініңграмматикасы мен стилистикасын; еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін; нақты тілдік материалды талдауды;бір тілден екіншісіне ауысу дағдыларынигеруге; компьютерлік сауаттылықты; еңбекқорғау,қауіпсіздіктехникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерін; этика және эстетика негіздерін.
Халықаралық байланыстар бөлімінің маманының және аудармашы-маманыың біліктілік талаптары: Жоғары білім; Еңбек өтіліне талап қойылмайды; кездесулер, келіссөздер, конференциялар және т.б. кезінде ағылшын тілінен орыс / қазақ тіліне, орыс / қазақ тілдерін ағылшын тіліне аудару; іскерлік құжаттарды ағылшыннан орыс / қазақ тіліне, орыс, қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару (келісім-шарттар, келісім-шарттар, хат алмасу және т.б.); шетелден білім алушыларға қызмет көрсете білу, шетелдік оқытушылардың құжаттарын (анкета, виза, келісімшарттар және т.б.) рәсімдеу
Бос лауазымға орналасу туралы құжаттарды қабылдау күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірілмей 2019 жылдың маусым айының 6 мен 19 аралығында сағ.17:00-ге дейін жүргізіледі. Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, кадрлар бөлімі, 205 каб. e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .
Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: кадрлар бөлімі 8(7242)27-86-28.

JoomShaper