«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы студенттерінің арасында XI Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы пән олимпиадасының II кезеңін өткізеді

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ !

 

          ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 16-қаңтар 2019 жылғы № 14-5/44 хатын басшылыққа ала отырып, Қорқыт Атаатындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 2019 жылдың 15-16 сәуірінде 5В073100-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы студенттерінің арасында XI Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы пән олимпиадасының II кезеңін өткізеді.

          Олимпиада келесі пәндер бойынша өтеді: 

Мамандық атауы

Пән атауы

5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»

Өміртіршілік қауіпсіздігі негіздері

Өрт қауіпсіздігі

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Республикалық пәндік олимпиада екі турдан тұрады:

1. Тестілеу (жоғарыда көрсетілген пәндерден);

2. Теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын жазбаша түрдегі тапсырманы орындау.

Олимпиаданың бағдарламасы мен өткізу тәртібі және соған қатысты барлық іс-шаралардың уақыты мен өтетін орындары келген уақытта ұсынылады және Қорқыт Атаатындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің сайтында www.korkyt.kz жарияланады.

Пәндік олимпиадаға әр ЖОО-нан 3 (үш) студентке дейін қатыса алады. Студенттер өздерімен бірге жеке куәлігін және студенттік билетін алып келуі тиіс. Оқу орындарынан келетін командаларды жетекші-оқытушы алып жүруі қажет.

Олимпиаданың II кезеңіне қатысатын студенттерді ұсыну үшін, оқу орны  Қорқыт Атаатындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне келесі құжаттарды жіберуі тиіс:

  • олимпиаданың бірінші кезеңінің нәтижелері көрсетілген және II кезеңге қатысуға ректордың (проректордың) қолымен бекітілген ұсыныс хаты;         
  • Республикалық  XI пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысу туралы сұраным (әр қатысушыға бөлек толтырылады).

Қорқыт Атаатындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Республикалық  XI  пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысушыларды қажет болған жағдайда жатақханамен қамтамасыз етеді (№5 университет жатақханасы).

Республикалық XI пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысу үшін қажетті құжаттарды 2019 жылдың 5 сәуіріне дейін келесі электронды адреске жіберу қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қатысушылар мен олардың жетекшілерінің іс-сапар шығындары, жіберуші ЖОО-ның есебінен төленеді.

 

JoomShaper