5В011600 – География мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиада

 

5В011600 – География мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен бірге Республикалық студенттердің

пәндік олимпиадасы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

5В011600 – География  мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиада

18-19 сәуір 2019 жыл

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 2019 жыл 18–19 сәуір аралығында  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының 5В011600 – География (білім) мамандығы бойынша студенттері арасында студенттердің пәндік олимпиадасын өткізеді.

Олимпиада мақсаты: білікті мамандарды дайындау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар студенттердің оқу үдерісіне және болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Өтетін орны: Қызылорда  қаласы, Аманкелді 66, №9 оқу ғимараты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,  Жаратылыстану факультеті

Жұмыс тілдері: қазақша және орысша.

Олимпиадаға қатысу үшін құрамына  II-IV курс студенттерінен саны 2 студенттен  құралған топ,   2019 жылдың 26 наурызға дейін олимпиадаға қатысу туралы өтініш жіберулері қажет (Қосымша 1). 2019 жылдың 26 наурызынан кеш түскен өтініштер қаралмайды. 

Олимпиаданы ұйымдастырушы комитетке ұсынылатын құжаттар  реті:

  1. Топ атауы;
  2. Топ жіберілген ЖОО-ны, факультеті;
  3. Команда құрамы анкетасы (ТАӘ, курсы, білім алу тілі);
  4. Топқа жауапты ЖОО-ны өкілінің аты-жөні (қаланың коды көрсетілген телефонының нөмірі, ұялы байланыс телефонының нөмірі, e-mail-ы).

Ережесі

JoomShaper