2019 жылға академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджетті қаражаты есебінен Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия жоғары оқу орындарында бір академиялық кезең бойы оқуға конкурс жарияланады.

 

 

Конкурсқа мемлекеттік білім беру гранты есебінен, сонымен қатар ақылы негізде оқитын 1-2-3-курс бакалавриат студенттері қатыса алады.

Конкурстық комиссия қарауына қажетті құжаттар тізімі:

1. Шетелдік паспорттың түрлі-түсті көшірмесі.
2. №082/у медициналық анықтамасы.
3. Білім алушының ағымды сабақ үлгерімі жөніндегі транскрипт.
4. IELTS сертификаты 5 балдан төмен емес немесе оның TOEFL баламасы.

Жоғарыда аталған құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, университет үміткерге толығымен тапсыру үшін құжаттарды қайтаруға міндетті.

Үміткерлерді іріктеу кезінде бірдей балл жинағандардың ішінде жетім студенттерге, мүгедек студенттерге, көп балалалы отбасылардан шыққан студенттерге артықшылықтар беріледі (тиісті құжаттарды тапсырған жағдайда).

Құжаттарды 2019 жылғы 29 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына жеткізу керек, Нұр-Сұлтан қ-сы.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 11 сәуір мен 25 сәуір аралығында халықаралық байланыстар бөлімінде өтеді.
Мекенжайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, байланыс телефоны: 26-17-25

JoomShaper