«6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Жолмаханова Акерке Болатовна «Қазақ эмигранттарының естеліктері және мемуарлық шығармашаларды оқыту» тақырыбында диссертация қорғайды.

 

Хабарландыру

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Жолмаханова Акерке Болатовна «Қазақ эмигранттарының естеліктері және мемуарлық шығармашаларды оқыту» тақырыбында диссертация қорғайды.
Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.
Қорғау тілі – қазақ тілінде.
Ғылыми кеңесшілер:
Кәрібозұлы Бағдат – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы.
Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Хулия Касапоглу Ченгел – доктор, профессор, Қажы Байрам Уәли университеті, Анкара қаласы, Түркия Республикасы.
Рецензенттер:
Бауыржан Өміржанұлы Жақып – ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.
Әбдіқадырова Тұрсынай Рыстайқызы – педагогика ғылымдарының докторы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, Тараз қаласы, Қазақстан Республикасы.
Қорғау 2019 жылдың 1 шілдесі күні сағат 11.00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы 8D017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау (6D011700 - Қазақ тілімен әдебиеті) бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.
Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 40 үй, №1 оқу ғимараты, М.Шоқайтану атындағы ҒЗО.

Толық ақпарат

JoomShaper