«Lesson Study» жаңашылдығы

Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек» деп атап көрсетті.

Осыған орай «Ақпараттық жүйелер» мамандығының ИС-18-3 оқу тобына «Математика және қолданбалы  механика» кафедрасының оқытушысы, педагогика магистрі Құндызай Қанибайқызы «Бір айнымалы функциялардың дифференциалдық есептелуі» тақырыбындағы сабақты «Lesson Study» қолдану арқылы өткізді.
Lesson Study қолданудың мақсаты оқытудағы әдіс-тәсілдердің түрі мен көлемін таңдау арқылы әр білім алушының оқу материалын меңгеруіне қолайлы жағдай жасалатын іс-әрекеттерді ұйымдастыру. Және әр білім алушының қызығушылығы мен бейімділігін дамыта отырып, студенттердің білім деңгейін жоғарылату. Сабақ барысында «Lesson Study» бойынша және деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме, сұрақ-жауап,  ой қозғау әдісі, миға шабуыл әдісі, диалогтық әдіс, ойын тәсілдері және тағы басқа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылар біраз мағлұматтар алды. «Lesson Study» үрдісі білім алушылардың білімін жетілдіруге, тәжірибе алмасуға, ұйымшылдыққа, бір-бірімен ынтымақтастық жағдайда жұмыс жасауға және өзіне-өзі әділ баға беруге, ізденіп, білгенін басқаға үйретуге, білім алу үрдісіне барлығының қатысуына зор пайдасын тигізеді.

JoomShaper