Жырласа жастар жырласын!

Жастар жылына орай «Жырласа жастар жырласын!» атты облыстық жас ақындар айтысы өтеді. Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби-музыкалық өнерінің маңызды салаларының бірі.

Ол – суырып-салма ақындық өнерінің жемісі болып  табылады. Айтыс мақсаты – ата-бабадан мұра болып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдени құндылықтарымызды жаңғырту. Сол арқылы жастардың рухани жан - дүниесін байыту. Философиялық және әлеуметтік көзқарасын қалыптастыру. Шараны ұйымдастырушы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Домбыра-думан» ұйымы. Жас ақындар айтысы ағымдағы жылдың 13-ші Наурыз күні яғни ертең Студенттер сарайында өтеді. Рухани демалып, ұлттық өнерімізден нәр алғыңыз келсе өнерлі жастардың додасынан қалыс қалмаңыз!

JoomShaper