Университеттің жас кәсіпкерлері үздіктер қатарында

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Business-START» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығы және «Kyzylorda Business Hub» ЖШС ұйымдастыруымен білім алушылар арасында жас кәсіпкерлер сайысы өтті.

“FIRST STEP” атты сайысқа 30 бизнес-жобасы ұсынылды. Бұл  шараның мақсаты жастарды кәсіпкерлікті дамытуға бағыттау. “FIRST STEP” қорытындысы бойынша 10 жоба финалға жетіп, оның 3-і жеңімпаз атанды. Креативті идеясымен бірінші орынды жеңіп алған НД -16-1 тобының студенті Нұрсұлтан Аманқұлов. Ол өзінің «Jarnama Plus» жобасын таныстырды. Жүлделі екінші орын «Жылқы фермасын құрау» жобасымен Агр-18-1 студенті Бекзат Шортыш иеленсе, Т 18-1 тобының студенті Бекбол Жаппар «Zhas Tour» жобасымен үшінші орынды қанжығасына байлады.

JoomShaper