Жатақханадағы мазмұнды шара

«Физика және математика» кафедрасының оқытушылары мен 2 курс студенттері №1 жатақхана студенттеріне кеш ұйымдастырды. «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» атты кеш керемет көңіл-күй сыйлады. Білім алушылардың демалыс сәттерін өнерге қызықтыру, ізденіске, тапқырлыққа, уақытты қызықты өткізу мәселелері қозғалды. Кеш студенттердің өз мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыруға ықпал етері сөзсіз.

Ұстаз – болашақ ұрпақты тәрбиелеуші. Ал жарқын болашаққа нық сеніммен жету үшін жеткіншектер өткен  тарихты білу қажет. Осы орайда, ұтқыр ойлы ізденімпаз білім алушыларға түрлі сұрақтар қойылып, кеш мазмұнды өтті. Сондай-ақ, осы күні көпшілік жастардың концерттік бағдарламасын тамашалады. Олар әсем ән айтумен қатар, көркем би билеп, өз өнерлерін паш етті.

JoomShaper