Жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Домбыра думан» ұйымының ұйымдастыруымен «Жырласа жастар жырласын!» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.

Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби-музыкалық өнерінің маңызды салаларының бірі. Ол – суырып-салма ақындық өнерінің жемісі болып табылады. Айтыс мақсаты – ата-  бабадан мұра болып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдени құндылықтарымызды жаңғырту. Сол арқылы жастардың рухани жан - дүниесін байыту. Жастар жылына орай ұйымдастырылған шара осындай төл өнерімізді дәріптеп, насихаттауды мақсат етеді.
Бәсі жоғары өткен аламан айтысқа Қызылорда қаласының ақындарымен қатар облыс аудандарынан да жас ақындар келіп, бақтарын сынады. Солардың ішінде жүзден жүйрек атанып бас жүлдені Қорқыт ата  университетнің бірінші курс студенті Орынбасар Бексұлтан жеңіп алса, жүлделі бірінші орынды жалағаштық өнерпаз Қайнар Еркебұлан иеленді. Екінші орынды қызылордалық Рахман Динар қанжығасына байлады. Жүлделі үшінші орынды МО-17-1 оқу тобының студенті Жұматай Нұржайна қанағат тұтты. Қазылар алқасына төрелік еткен Сырдың белгілі айтыскер ақыны Серік Ыдырысов дүбірді додаға әділ бағасын берді. Көпшілікке рухани демалыс сыйлаған мұндай өнегесі мол шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

JoomShaper