Педагогикалық мамандықтар бойынша білім алған жас кадрларға елді-мекендерде сұраныс жоғары

Педагогикалық мамандық бойынша білім алып жатқан жастар құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімі мамандарымен кездесті. Шараға қатысушылардың басым көпшілігі мемлекеттік тапсырыс негізінде және ауылдық квота шеңберінде білім алып жүрген 4-ші курс студенттері.

Мақсат – жас кадрлардың жұмыспен қамтылып, аймақта жұмыссыздар санн азайту. Және облыс мектептері бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру. Бөлім бастығы С.Т.Жарбулова Қызылорда облыстық білім басқармасынан алынған мәлімет бойынша Қызылорда облысының 5 ауданы бойынша 49 бос жұмыс орны бар екендігінен хабардар етті. Атап айтқанда, Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария және Шиелі аудандарына орыс тілі мен  әдебиеті, математика, ағылшын тілі, музыка, химия, көркем еңбек, технология, физика және бастауыш сынып мұғалімдері тапшы. Кітапханашыларда жоқтың қасы. Осы орайда болашақ жас мамандарға ауыл аймата жұмысқа тұру мүмкіндігі зор екені байқалады. Шарада сонымен қатар, 2019-2020, 2020-2021, 2021-2022 және 2022-2023 оқу жылдарына Қызылорда қаласы бойынша орыс бөліміне қажет мамандар туралы ақпарат берілді.Жиында қазіргі таңда білім беру ұйымдарына орыс тілді мамандардың да қажеттілігі басым екендігі тілге тиек болды.

JoomShaper