ҚМУ студенттері үздіктер қатарында

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері спорттан үздіктер қатарында.

Айта кетейік, Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде республикалық ЖОО студенттері арасында таэквондодан (тхэквондодан) Х - Жазғы универсиада өтті. Дүбірлі додада оқу ордасының намысын қорғаған студенттер жүлделі орындармен оралды. Атап айтсақ, фкс-18-5 оқу тобының студенті Орынбек Жандос 87кг салмак дәрежесінде 1-ші орын, фкс-18-5 оқу тобының студенті Ақберген Шәмшәт 2-ші орын және фкс-16-3 оқу тобының студенті Арықбаев Жасұлан 3-ші орынды қанжығаларына байлады. Спорт шеберлерінің осы уақытқа дейінгі жетістіктері де аз емес, ал алдағы шығар шыңдары әлі алда.

 

JoomShaper