Республикамыздың озат студенттері бақ сынаспақ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІ Республикалық пән олимпиадасының ашылу рәсімі өтті.

Қызылорда төріндегі киелі оқу шаңырағында өтіп жатқан  сынаққа республиканың барлық аймағындағы ЖОО студенттері мен олардың жетекшілері келді. Жалпы қатысушылар саны 50-ге жуықтайды. Олар ең әуелі университеттің «Археология және этнография» ҒЗО мен «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залдарын аралап көрді. Оған қоса, мұражайымен танысып, жатақханадағы студент-жастармен кездесу кешін өткізді. Айта кетейік, Республикалық пәндік олимпиадаға қатысушы жас мамандар тестілеу мен теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын жазбаша түрдегі тапсырманы орындау кезеңдерінен білім алаңында бақ сынаспақ.

  

JoomShaper