Мамандық таңдау – болашақ кепілі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор оқытушылары мен білім алушыларынан құралған топ мүшелері Жалағаш, Сырдария аудандарында кәсіби бағдар аясында мектеп бітіруші түлектермен кездесті.

Аудандардың барлық мектебінен жиналған жастар мамандық таңдауға қатысты толғандыратын сұрақтарына жауап алып, облысымыздың іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті туралы құнды мағұлматтарға қанықты. Кәсіби бағдар жұмысы бойынша құралған топ мүшелерінің қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу-ісі жөніндегі проректор-бірінші проректоры Үргенішбеков Айтмағанбет Тұрсынбайұлы, Экология және химия технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Ахатаев Нұрлыбек Ақарыстанұлы, тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аймаханова Назира Кенжебекқызы, бизнес-инкубатор орталығының жетекшісі Оразмаханов Жандос Шынжырбайұлы бар. Сондай-ақ шара аясында музыка мамандығының студенттерінен құралған өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті. Биыл Жалағаш аудан мектептерін 287 оқушы бітірсе, оның 242 –сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады деп жоспарлануда. Сырдария ауданы бойынша 327 түлек мектепті аяқтаса, оның 220 оқушысы Ұлттық біріңғай тестілеуде бағын сынамақ.

 

JoomShaper