Жас мамандарға сұраныс жоғары

Жастар арасындағы жұмыссыздықты жою мен алдын алу мемлекеттік жастар саясатының басты бағыты.

Осы орайда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімі өз үлесін қосты. Қармақшы аудандық жастар  ресурстық орталығымен бірлесіп, университет бітірушілеріне бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Шараға университет өкілдерімен қатар, орталықтың директоры Ә.Ыбрахим да қатысты. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – сұранысқа ие сала бойынша жас мамандарды ауылдық елді мекендердегі бос жұмыс орындарына тарту. Қазіргі таңда ауданның білім беру мекемелеріне физика және математика, бастауыш сынып пен ағылшын тілі, музыка және орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша мамандарға қажеттілік туындауда.

JoomShaper