Университет студенттері ХІ Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі оралды

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша XI Республикалық пәндік олимпиадасы болып өтті.

Оған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің атынан СР-16-1 оқу тобының студенті Жансая Мәлібекова, СР-17-1 оқу тобының студенті Сұлу Бауыржан және СР-18-1У оқу тобының студенті Рахымжан Абиев қатысты. Команданың ғылыми жетекшісі Мұхтарова Ақмарал Мұхтарқызы. Олимпиадада 9 команда өнер көрсетті. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ командасы "Мамандық таныстырылымы", "Өмірдің қиын жағдайына тап болған жасөспірімдермен әлеуметтік жұмысты жетілдіру" кезеңдері мен тестілеуде жақсы нәтижеге қол жеткізіп, алдыңғы орындарға шықты. Ал нәтижесінде олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жеңіп алды. Екінші орынды - Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Нархоз университеті, үшінші орынды - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті иеленді.

 

JoomShaper