Магистранттар жүлдемен оралды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранттары жүлдемен оралды.

Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінде педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша магистранттардың Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.  Білім алаңында барлық қалалардан келген оқу орындарының 18 командасы бақсынасты. Екі күнге созылған білім додасында педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор м.а. Р.Т.Игенбаеваның жетекшілігімен унивепрситеттің «Ғибрат» командасы жүлделі үшінші орынды иеленді. Команда құрамында Г.Сағынбай, А.Жүсіпова, Б.Шәкиев, А.Жағыпар және А.Хамит болды. Олимпиада білімін белсенді көрсете білген университет студенті А.Жүсіпова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Осылайша білім деңгейлерін шыңдай білген жас мамандар университет мерейін тағы бір биікке көтерді.

JoomShaper