Тәуелсіздік тыныштығының тірегі- Ұлттық Ұлан сарбаздары университет ұжымымен кездесті

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Ұлттық ұланының ақпараттық – насихаттық тобы бүгін «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шараға әскерилер мен қатар университет ғалымдары мен  оқытушылары және студенттер қатысты. Топ мүшелері Тұңғыш Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған маңызды мәселелерді жиынға арқау етті. Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен тыныштық жолында жан аямай күресе білу – ерлікке тән игі іс. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Отан алдындағы міндеттерін атқаруда сенімге селкеу түсірген емес. Ұлттық ұлан атқаратын барлық тапсырмалар жауынгерлік сипатқа ие. Ұлттық ұланда Отанға адалдық, оны қорғауға әрқашан дайын болу, жоғары  жауынгерлік әзірлік, әскери антқа адалдық, қырағылық, жауынгерлік шеберлікті үнемі жетілдіру, тәртіп пен әскери достықты нығайту сынды өзіндік дәстүрлер қалыптасқан. Жиында сөз салған ҚР Ұлттық Ұланы бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Құсайынұлы Сатов сарбаздардың өз қызметтеріне адалдығын тілге тиек ете отырып, бүгінгі отансүйгіш әрбір жастың бойынан көргісі келетінін қасиеттерді айтты. Болашақ елін, туып өскен жерін қорғайтын азаматтар алдымен Отанды сүю керек. Аталған  жиынға қатысушы жастарға бұл кездесу үлкен серпіліс берді деуге болады. Болашақ Отан қорғаушылар құқықтық тәртіп мен әскерлери жауынгерлік дайындық әзірлігі туралы ақпараттарға қанықты. Шара барысында бірқатар сала қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының «Алғыс хатымен» марапатталды. Сонымен қатар бұл күні «ҚР құқық қорғау әскеріне 25 жыл» кеуде белгісімен марапатталғандар құрмет төрінен көрінді. Олардың қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы Бахытхан Абдикаримов бар.

 

   

JoomShaper