«Цифрлы жаз» бағдарламасына университет студенттері қатысуда

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниясы «Цифрлы жаз» тағылымдама бағдарламасының І-ші кезеңінен өткен университетіміздің 5В100200–Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының СИБ-16-1 оқу тобының студенттері Б.Амангелді, Ә.Әкімұлықпан, Е.Кенжесариев, А.Жұмахан бағдарламаның 2-ші кезені бойынша онлайн-сынақтама тапсырды.

Үміткерлер сайысқа қатысу үшін өздерінің ІТ саласындағы тәжірибе мен жетістіктерді көрсету арқылы келесі кезеңге өту мүмкіндігін алған. Онлайн-сынақтаманы«Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілі Әйгерім Жумадуллаева өткізді. Шара барысында үміткерлер берілген уақыт ішінде кәсіби сауаттылығын айқындауға арнап жасалғансұрақтарға жауап беруі тиіс. Осы бағалау құралы оқу барысында, сондай-ақ, жеке еңбек және ғылыми жолында алған білімі мен дағдысын анықтауға арналған. «Цифрлы жаз» тағылымдама бағдарламасының мақсаты – 2019, 2020 жылдардың ең үздік және талантты бакалавриат және магистратура түлектерін бағдарламаға тарту және дайындау, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компанияларына жұмысқа орналастыру. Бағдарлама ережесі бойынша 60 қатысушы тағылымдамадан өтіп, ең үздіктері жұмысқа орналастырылады. «Цифрлы жаз» онлайн-сынақтаманы өткізуге университеттің Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімі ықпал етіп, «Самұрық-Қазына» корпоративтік университет директорының атынан алғыс хатпен марапатталды.

JoomShaper