Аймақ жастары жас көшбасшылар форумына қатысты

«Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты Түркі кеңесі түркі университеттер Одағының ІV Бас ассамблеясы аясында Түркі Кеңесі жас көшбасшыларының ІІ Форумы өтті.

Аталмыш форумды Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Түркістан облысы  әкімдігі ұйымдастырды. Форумға Әзірбайжан, Қырғыстан, Түркия, Өзбекстан елдерінен және Қазақстан Республикасының өзге облыстарынан жас делегаттар, белсенді жастар қатысты. Олардың қатарында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Педагогикалық» факультеті деканының орынбасары Ғани Байұлы, ТМИ16-1 оқу тобының студенттері Ақсұңқар Бүркітбай, Ізбасқан Дәулетхан, Жұлдызай Тұрлығұлова және ДО 16-1 Бақытжамал Шадиевалар бар. Аймақ жастары өз белсенділіктерімен көзге түсіп, арнайы сертификатпен мараптталып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Форумның мақсаты – өңірдің  дамуы мен жастар саясатын дамыту  барысында тәжірибе алмасу, еліміздің туристік әлеуетін арттыруға қосымша серпін беру, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достық қарым-қатынасты дамыту.Форум аясында жастардың кешкі еркін тақырыпта кездесулері, «Opentalks» форматындағы секциялық жұмыстары, қатысушы делегаттардың Түркістан өңірінің тарихи және киелі орындарына экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Түркі Кеңесі жас көшбасшыларының  ІІ Форумының ашылу шарасында Түркі жастарының салтанатты шеруі және «Түркістанға оралу» түркі халықтарының этно-өнер фестивалі болды. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған этно-өнер фестивалі түркікітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа дәріптеу, қазақ және түркітілдес халықтардың дәстүрлі музыкасын жан-жақты жеткізуді көздейді.Фестиваль барысында түркітілдес халықтарының этнофольклорлық ансамбльдері мен дәстүрлі орындаушылары, ұлттық аспапта жеке орындаушылар өнер көрсетті.Бауырлас елдің басын қосқан ауқымда шарада жиналған қонақтар Түркі халықтарының қолданбалы өнер көрмесін тамашалады.

   

JoomShaper