Туризм мамандығы бойынша білім алып жатқан жастар республикалық сайыстан жеңіспен оралды

Қарағанды қаласы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 5В090200-Туризм мамандығы бойынша XI Республикалық пәндік олимпиадасы болып өтті.

Олимпиада 3 турдан тұрды: I тур – Ғылыми жобаларды сырттай іріктеу, II тур – Ғылыми жобаны қорғау, III тур – Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы бойынша сайыс. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда  мемлекеттік университетінің «Туризм» мамандығы студенттері іріктеу турынан өтіп, олимпиадаға шақырту қағазын алды. ҚМУ-нен «Zhastour.11» командасын құрып, Т-18-1у оқу тобының студенті Бекбол Жаппар, Т-18-1 оқу тобының студенттері Дина Халменова, Ұлан Асанов, Өрісжан Кәрімбердиев, Ақмарал Мұстафаева қатысып, жоғары деңгейлі өнер көрсетіп келді. Команданың ғылыми жетекшілері Абдимомынова Алма Шәкірбекқызы және Карбозова Ағжан Сайлаубекқызы. Екінші тур бойынша команда мүшелері «Сырдария жағалауында туризмнің инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру моделі» тақырыбындағы ғылыми жұмысын сәтті қорғады. Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы бойынша сайыста да команда өте жақсы нәтиже көрсетті. Нәтижесінде командалық есепте 1-ші орынды Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жеңіп алса, 2-ші орынды Ресей Федерациясы Горно-Алтай мемлекеттік университеті мен «Нархоз» университеті иеленді. Жүлделі 3-ші орынға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті және Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің командалары лайық деп танылды. Жекелей есепте Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті студенті жеңіс тұғырынан көрінсе, екінші орынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Т-18-1у оқу тобының студенті Жаппар Бекбол иеленді. Үшінші орынды Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті студенті місе тұтты. XII Республикалық пәндік олимпиада 2020 жылы Нұрсұлтан қаласында, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде өтетін болды.

 

JoomShaper