«Qorytyndy kesh-2019» шарасы

Филология, тарих және құқық факультетінің ұйымдастыруымен «Qorytyndy kesh-2019» мерекелік іс – шарасы өтті.

Шараның ашылуында сөз алған Тайман Сағат Тамшыбайұлы мен тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды үйлестіру бөлімінің басшысы Назира Кенжебекқызы осы күнге дейін жетістікке қол жеткізген студенттерді құттықтап, Алғыс хаттармен марапттады. Жақсы жаңалықтар жоқ емес. Түрлі байқаулар мен шараларда көзге түсіп, марапат төрінен көрініп жүрген жастар бұл күні көпке үлгі болды. Факультет студенттері оқумен қатар өнерді де қатар алып жүрген белсенді жастар. Бұл күні олар концерттік бағдарлама әзірлеп ән мен жырдан шашу шашты. Мың бұралған бишілер ортаны қыздырды.

 

JoomShaper