Lesson Study - студентті көшбасшылыққа тәрбиелеу құралы

Lesson Study оқытушылардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі және сабақ барысын іс-әрекет арқылы тікелей зерттеу құралы болып табылады. Бұл бірнеше циклді қамтитын «сабақты зерттеу» және «сабақты зерделеу» ретінде ескеріледі.

Дегенмен, сабақты құру және зерттеу тек білім беруші, яғни оқытушыға емес, білім алушы – студент үшін де аса пайдалы екені байқалады. «Математика және қолданбалы механика» кафедрасында ПСМ-18-1 оқу тобы студенттеріне кафедра меңгерушісі т.ғ.к. Г.Ш.Аскарова «Тұрақты электр тогы» тақырыбында «Lesson Study» тәсілімен сабақ жүргізді. Сабақта тақырып бойынша келесі сұрақтарды қарастыру жоспарланған: электр тогы, ток күшi және ток тығыздығы, бөгде күштер, Кирхгоф ережелерi. Сабақты жоспарлауға п.ғ.м., аға оқытушы Г.М.Маханова, инженерлі-технологиялық факультеті деканының орынбасары, PhD докторы Н.А.Сақтағанова және б.ғ.к., қауымд. профессор м.а. Р.Х.Құрманбаев қатысты. Сабақ барысында интербелсенді әдіс қолданылды, топтық жұмыс ұйымдастырылып, «Кім неше формула жазады?», «Кім неше заңды жазып, физикалық мағынасын түсіндіреді?», «Сәйкестендір!» деп аталатын тапсырмалар орындалды. Сабақ барысында берілген тапсырмалардың студенттің белсенділігі мен ынтасын және қызығушылығын арттыратыны аңғарылды. Студенттер кері байланыс мақсатында «түсіндім» және «түсінгім келеді» жауаптарын көрсетуді таңдады, нәтижесінде материалды барлық студенттің түсінгені, алайда түсінгісі келетін сұрақтары бар екенін көрсетті. Г.Ш.Аскарова студенттердің түсінгісі келетін сұрақтарына жауап берді: «Жел және күн энергиясынан басқа қандай баламалы энергия көздері бар?», «Дәстүрлі энергия көздерінің қоршаған ортаға келтіретін зияндары қандай?», «Электр тогын тасымалдаушы электрондарды көргім келеді..?». Оқытушылар «Lesson Study» тәсілімен сабақ жүргізудің студент үшін пайдасын нақты көрді: студент топта жұмыс істеуге, топтағы студенттің мінез-құлқына бейімделуге үйренетіні, сондай-ақ болашақта студенттің еңбек нарығында өзін көрсетуіне әсер ететінін байқалды.

JoomShaper