Университеттің профессор-оқытушылары «Дала күні» семинар-кеңесіне қатысты

Университеттің профессор-оқытушылары Шиелі ауданы «Ақмая» шаруашылығының егіс алқабында өткен «Дала күні» семинар-кеңесіне қатысты.

Семинар-кеңесті ашқан аймақ басшысы биылғы жылдың ерекшеліктеріне тоқтала келіп, алдағы жоспарлар мен міндеттер жайлы өз ойларын ортаға салды. Шығып сөйлеушілер аймақта егіншілікті дамыту жайлы құнды пікірлер мен ұсыныстар айтты. Осы маңызды іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Аграрлық технологиялар кафедрасының профессор-оқытушылары И.А.Таутенов, Б.Қ.Байжанова, С.Ж.Бекжанов және Н.Ш.Нұрғалиевтер қатысып, егінші қауымның түйткілді мәселелері жайлы мағлұматтар алып, ауылшаруашылығы өндірісіне білікті мамандар даярлау жайлы өз ой-пікірлерін жеткізді. Пленарлық мәжіліспен жалғасқан семинар-кеңестен университеттің профессор-оқытушылары ауылшаруашылығы мамандығының студенттеріне білім беруге қолданатын көптеген жаңа ақпараттар алды.

JoomShaper