«Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі

Жұмыссыздық – қазіргі таңда актуалды мәселелердің бірі. Сондықтан да, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бұл бағдарлама бағдарламаға қатысушыларды техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыттарында жұмыс ісейді. Еңбек ресуртарының ұтқырлығын арттыру - бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру болып табылады. Осы орайда, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Петропавл облыстарының өкілдері «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – сұранысқа ие сала бойынша жас мамандарды ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік, ауылшаруашылық, мәдениет және спорт, деңсаулық сақтау салаларындағы бос жұмыс орындарына тарту. Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімі өз үлесін қосты.

 

JoomShaper