Үздік студенттік ғылыми үйірме

2018-2019 оқу жылында «Математика және қолданбалы механика» кафедрасы жанынан «Тереңдетіп оқыту мектебі» үйірмесі жұмыс істей бастады. Үйірме «Ізденуші», «Жас физик» және «Жас математик» секциялары бойынша жұмыс жүргізеді.

Үйірме мақсаты: Математика мен физиканы тереңдетіп оқыту негізінде заманауи қолданбалы мәселелерді зерттеу. Биылғы оқу жылында математика және физика пәндерінен инженерлі-техникалық және экономикалық мамандықтар студенттері арасында факультетаралық және колледж студенттері арасында қалалық олимпиада өткізілді. Олимпиада жеңімпаздары университет тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үйірме жұмысы бойынша кафедраның оқытушы-профессорлары математика мен физика пәндеріне қызығушылығы бар студенттермен жұмыс жасап, жасаған жұмыстары негізінде оннан аса ғылыми мақала жариялады. Соның ішінде ИС-16-1п/я оқу тобының студенттері А.С.Сабитбек пен Н.С.Төлеу «Молодой исследователь. Вызовы и перспективы» тақырыбындағы Мәскеуде өткен онлайн конференцияға қатысып, «Approximate Solution of the Couchy Problem for a Linear Ordinary Differential Equation of Second Order» тақырыбында ағылшын тілінде баяндама жасағанын ерекше атап өтуге болады. Студенттердің ғылыми жетекшісі: ф-м.ғ.к., доцент Т.Б.Ділман. Сонымен қатар, э.ғ.к., аға оқытушы Ж.Т.Джалбированың жетекшілігімен СИБ-16-5 оқу тобының студенті Ә.Жақсылық Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының университетішілік І кезеңінде 5В100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелер мамандығы бойынша І орын, Халықаралық Ақпараттық технологиялар университетінде өткен республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысып, IV дәрежелі диплом иеленді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы: зерттеулер тәжірибесі және басым бағыттары» тақырыбындағы студенттердің XХI дәстүрлі ғылыми конференциясында «Заманауи математика және физиканың қолданбалы мәселелері» секциясы алғаш ашылып, жұмыс жасады. Секция жұмысына инженерлі-техникалық және экономикалық мамандықтар студенттері қатысып, 22 баяндама оқылды. Баяндамашы студенттер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен және ынталандыру мақсатында алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, кафедра меңгерушісі Г.Ш.Аскарованың жетекшілігімен «Жасанды жарық көздері арқылы адам денсаулығын жақсартудың жаңаша әдісі», «Заманауи жабдықталған мектеп сыныбы», «Сұйықтар физикасын оқу негізінде үй су бұрқағын жасауды зерттеу» және «Заманауи электрлі әйнек тазалағыш» тақырыптарында орындалған жобалар бойынша «Үздік студенттік ғылыми үйірме» номинациясын жеңіп алды.

JoomShaper