Шетелдік тыңдаушылар тарихи орындарға саяхат жасады

Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің жанынан құрылған «Өлкетанушы» үйірмесінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық курсында ұлты қазақ шетел азаматтары білім алады.

Олар Қазақстан тарихын «Өлкетану» бағдарламасы аясында терең меңгеру мақсатында ортағасырлық бірнеше тарихи шаһарларға саяхаттап қайтты.Тыңдаушылар саяхат барысында ортағасырлық Сығанақ, Сауран және Түркістан қалаларында болды. Саяхаттың бастамасы алашқа астана болған Сығанақ қаласының орнынан басталды. Әуелі Сунақ ата мешітіне бас сұғып, сол жерде жерленген хандар мен ел қорғаны батырларға, ата-бабалардың рухына құран бағышталды. Одан әрі археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген Сығанақ қаласының ескі орнында болып, тыңдаушыларға қала туралы, оның қазақ халқы үшін алатын тарихи орны жайлы құнды мәліметтер берілді. Сығанақтан шығып, жолда VI-XVII ғасырда өмір сүрген Қазақ хандығының ерекше әскери-стратегиялық әрі сауда-экономикалық, мәдени-тарихи мәні болған Сауран қаласында жалғасты. Саураннан шығып, сапар киелі мекен Түркістан қаласында жалғасты. Түркістан қаласында Қ.А.Яссауи кесенесінің тарихы, жерасты мешіті, Жұма мешіті, Шығыс моншасы және ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші, Қ.А.Яссауи кесенесінің оңтүстік-шығысында 60 м. жерде орналасқан Рабия Сұлтан бегім кесенесінің тарихымен танысып, сол жерде саяхатымыз қорытындыланды. Тарихи орындарды зор қызығушылықпен тамашалаған тыңдаушылар тарихи сапардан керемет әсермен оралды. Тарихи орындарға саяхат тыңдаушылардың ой-өрісі мен білім көкжиегін кеңейтуге таптырмас құрал.

JoomShaper