Мамандығың - болашағың

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ құралған топ мүшелері Жақыпбек Махамбетов ауылындағы 143-ші мектептің биылғы мектеп бітіруші жастарымен кездесті.

Оқушылар мамандық таңдауда толғандырып жүрген сауалдарын қойып, мамандардан тұшымда жауап алды.  Өрендер ҰБТ ға қызу дайындық үстінде. Қазір жас түлектердің алдында қайда оқуға барсам? Қай саласында жұмыс атқарсам?.. деген сауалдар тұр. Топ мүшелері жастарға осы сауалдардың жауабын табуға көмектесті. Талапкерлердың басым көпшілігі өз таңдауын жасап қойған. Бастысы ел дамуына үлес қосатын маман иесі атану, дейді олар. Жастар оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныс. Әлеуметтік желілер арқылы және өз ізденістері нәтижесінде байырғы білім ордасының өткені мен бүгінін бағамдап, осы Сырдың басты білім ордасында оқуға шешім қабылдап отырғандары да жоқ емес. Шара аясында биылғы жылғы бітіруші түлектерге мамандық туралы толық ақпараттармен қамтылған үнпарақтар таратылды. Және мамандар оқу орны туралы мәліметтер алу үшін ресми сайт пен әлеуметтік желілердегі парақшаға кіруге кеңес берді. Бағдарлама барысында жас өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, жиналғандар көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

 

JoomShaper