Гранттық ғылыми жоба өз нәтижесін беруде

«Шағын және орта кәсіпкерлік үшін кадрлар даярлаудағы мемлекеттік-жеке серіктестікті жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми жоба мүшелері жоспар бойынша Жаңақорған ауданына барды.

Онда «Қызылорда облысының аймақтық мемлекеттік жекешелік әріптестік орталығы» ЖШС және Жаңақорған ауданы әкімдігімен бірлесіп «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дайындаудың қадамдық алгоритмі» тақырыбында Жаңақорған ауданында кәсіпкерлерге семинар өткізілді. Семинарға ғылыми жоба мүшелері Берикболова Ұлжан Досқалиқызы және Карбозова Ағжан Сайлаубекқызы қатысты. Ғылыми жобаның ғылыми қызметкері Берикболова Ұлжан Досқалиқызы «Әлеуметтік саладағы мемлекеттік – жекешелік әріптестік: шетелдік тәжірибе» тақырыбында баяндама жасады. Ұйымдастырушылар Жаңақорған ауданында мемлекеттік жеке серіктестікті дамытуға көмек беретін барлық құрылымдарды жинады. Семинар барысында аудан кәсіпкерлері шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін толықтай мәлімет алды деуге болады.

  

JoomShaper