Бәсекеге қабілетті маман - заман талабы

Бүгінгі таңда қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күннен-күнге артып келеді.

Келешекте ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. Осы орайда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен құралған топ Қызылорда каласының жоғары оқу орны және колледждері үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар "Мұрагер" мектебінің биылғы бітіруші жастарымен кездесті. Қазір олар ұлттық бірыңғай тестілеуге қызу дайындық үстінде. Бүгінде жас түлектердің алдында қайда оқуға барсам? Қай саласында жұмыс атқарсам?.. деген сауалдар тұр. Топ мүшелері жастарға осы сауалдардың жауабын табуға көмектесті. Талапкерлердың басым көпшілігі өз таңдауын жасап қойған. Бастысы ел дамуына үлес қосатын маман иесі атану, дейді олар. Бүгінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ таңдап отырғандар қатары көп. Жастар оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныс. Әлеуметтік желілер арқылы және өз ізденістері нәтижесінде байырғы білім ордасының өткені мен бүгінін бағамдап, бірқатары Сырдың басты білім ордасында оқуға шешім қабылдап отыр. Шарада алдымен көшпелі көрме ұйымдастырылды. Онда университет туралы ақпаратқа толы материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Және мамандар оқу орны туралы мәліметтер алу үшін ресми сайт пен әлеуметтік желілердегі парақшаға кіруге кеңес берді. Кәсіби бағдар жұмыстары аясында өткен шараға барлық факультет студенттері мен окытушы профессорлары белсене атсалысты. Олардын катарында, «Ұлағат ұландары», «Саналы ұрпақ» ұйымының мүшелері де бар.

 

JoomShaper