Жастар орталығы ашылды

Бүгін қаламыздың сол жағалауынан «Жастар орталығы» ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ және «Болашақ» университеті мен «Ақмешіт» институтының студенттері мен орта арнаулы оқу орындарының жоғары сынып оқушылары сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жастары «Назарбаев зияткерлік» мектебінің оқушылары қатысты. Одан бөлек, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының облыс бойынша мүшелері сондай-ақ «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері де айтулы оқиғаның куәсі болды. Жаңа нысанда IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы бар. Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев облыс жастарын заманауи орталықтың ашылуымен құттықтады.

 

JoomShaper