Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат

Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтар, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рух өзгеріссіз қалады. Еліміздің әр азаматы бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда. Отан қорғаушылар күні Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесі.Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мейрамы құтты болсын! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік Imdo/Images/News/1318.jpgпен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары майдангерлер адам төзгісіз қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, елдің қамал-қорғаны болды. Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Мерекеге орай «Елдік те, ерлік те ұрпаққа аманат» тақырыбында ұйымдастырылған шарада патриоттық рухаты әндер айтылды. Сонымен қатар 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр-Жеңіс мерекесі қарсаңында өз қызметтік міндеттерін нәтижелі атқарғаны үшін университеттің бірқатар профессор-оқытушыларын Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқу іс жөніндегі проректор, бірінші проректор міндетін атқарушы Айтмағанбет Үргенішбеков Қорқыт Ата атындағы «Алтын медальмен» және университет ректорының «Алғыс хатымен» марапаттады.

 

Imdo/Images/News/1319.jpg

JoomShaper