Ерлік елге мұра

Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін мереке болып қалмақ.

Осы күні Тағзым алаңындағы «Мəңгілік алауға»ұрыс даласында шейіт болған боздақтарды еске алуға, олардың ерен ерліктерін бүгінгі ұрпаққа үлгі етуге жиылған тұрғындар санында шек болмады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы Бахытхан Абдикаримовбастаған топ мүшелері жəне ардагерлер де Жеңіс күні мəңгілік алауға барып, елі, жері үшін шайқасқан жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ мəр мəр тастан жасалған Кеңес Одағының Батырларына арналған ескерткішке де гүл шоқтарын қойды. Ержүрек Imdo/Images/News/1322.jpgаталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Кеңес
Одағының Imdo/Images/News/1326.jpgБатырлары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және көп басқалар жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. 9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Бүгінде біз дің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

 Imdo/Images/News/1328.jpg 

 

JoomShaper