Жас мамандар академикпен кездесті

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғалым және қоғам қайраткері, профессор Асқар Жұмаділдаев жас мамандармен лекция өткізді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында өткен жиынға барлық Imdo/Images/News/1335.jpgоқу орындарының студенттері қатысты. Олардың қатарында университеттің білім алушылары да бар. Шара барысында академик ақыл-кеңестерімен, математика әлеміндегі және өзінің жаңалықтарымен бөлісті. Оған қоса жиналған жас мамандар сұрақтарына жауаптарын алып, білім көкжиектерін тереңдете түсті. Сондай-ақ, қазіргі таңда математиктер мен физиктерге сұраныс жоғары екендігін айта кетті. Осылайша, бұл салада білім алып жатқан жастарға мотивация беріп, қызығушылықтарын арттырды. Шара соңында академикке университеттің атынан «80 жылдық мерейтойға» арналған кәде сый табысталды.

 Imdo/Images/News/1336.jpg 

JoomShaper