Парасатты поэзия

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестивалі өтті. Шара халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына және ақын, сыншы, аудармашы Жарасқан Әбдірашұлының шығармашылығына арналды.

Поэзия кешіне арнайы Жарасқан Әбдірашұлының баласы, белгілі кино және телеарна режиссері, көркемдік қоюшы, сценарист Рүстем Әбдірашев пен немересі Әбілхаир Әбдіраш шақырылды. Поэзия алаңына еліміздің аймақтарынан және көрші Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан, Татарстан елдерінен келген ақындар және университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты. Фестиваль барысында қатысушылар пікір алмасып, өнерлерімен бөлісіп, өлеңдер оқыды. Оған қоса, Жарасқан Әбдірашұлының «Дала, сенің ұлыңмын» атты туындысының тұсау кесу рәсімі өтті. Осылайша, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғалардың сара жолдары насихатталып, жастардың поэзияға деген қызығушылықтары арта түсті.

                        Imdo/Images/News/1402.jpg         Imdo/Images/News/1403.jpg

JoomShaper