Ауызашар – сауабы мол амал

Қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан жандарға да, ауыз ашар берген адамдарға да үлкен сауап жазылатыны Пайғамбарымыздан жеткен хадистерде анық та қанық жазылған. Бұл айдың сауабы мен шарапаты тек ораза ұстаумен шектелмейді. Бұл айда жасаған амалдарымызға еселеп сауаптан жазылмақ.

Сол сауабы мол амалдың бірі - аузы берік жанға ауыз аштыру. Осынау игі дəстүр еліміз өз тəуелсіздігін алғаннан бері кең қанат жайып келеді. Ораза тұтқан жандарға ауызашар беруді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің басшылығы да дəстүрге айналдырған. Айлардың сұлтаны – Рамазан айында отыз күн Ораза ұстап, ауыз бекіткен жандарға ақ дастарқан жайылып, ауызашар беріліп, барша университет оқытушы-профессорлар құрамының басы қосылды. Ауызашар барысында «ораза сабыр мен молшылық айы, сабырдың сыйы болса- жəннат» деп, Имам ораза, зекет туралы уағыздарын айтты. Осылайша жиналған жамағат дұға-тілектерін тілеп, ризашылықтарын білдірді.

                                                                           Imdo/Images/News/1406.jpg

JoomShaper