Студенттер шыңдалуда

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті білім алушыларының оқу тәжірибелері жалғасуда. Кезекті тәжірибеден өткен Аграрлық технологиялар кафедрасы Агр-17-1, Агр-18-1, Тпж-17-1 және Тпж-18-1 топтарының студенттері. Кафедраның аға оқытушысы, ш.ғ.к., Р.Д. Нұрымова және а.ш.м,оқытушы А.Д.

Дүйсеннің жетекшілігімен жастар университеттің Агробиологиялық участкесінде оқу тәжірибесінен белсенді өтті. Олар егістік егіп, қазық қазып, асқабақ өсімдігін екті. Оған қоса, участке аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, талдарды әктеу, жас шыбықтар мен бұталар жанын қоқыстардан тазалау сынды шаралары да жүргізілді. Бұл жерде студенттер теориялық тұрғыда алған білімдерін іс жүзінде орындап, білім көкжиектерін шыңдады.

              Imdo/Images/News/1408.jpg  Imdo/Images/News/1409.jpg

JoomShaper