Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы». Бүгін осындай тақырыппен облыстық патриоттық шара өтті. Мемлекеттік рәміздерге құрмет – баянды болашаққа бағдар. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.

Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер - егіз ұғым. Аталмыш шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері де қатысып, белсенділік танытты. Осы күні автошеру ұйымдастырылып, оған қаладағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен жастар ұйымдарының мүшелері белсенділікпен қатысты. Олар қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, орталық алаңда басқосты. Ту, Елтаңба, Әнұран- тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз, деген қағиданы берік ұстанған жастар мерекенің маңызын терең ұғынатындықтарын көрсетті. Жалпы мемлекеттік рәміздер күні барлық жастарды отансүйгіш, елжанды, рухты етіп тәрбиелеуде ерекше маңызға ие айтулы күн.

                                              Imdo/Images/News/1486.jpg   Imdo/Images/News/1487.jpg

JoomShaper