Мамандыққа алғашқы тәжірибелік қадам

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті білім алушыларының шыңдалуы жалғасуда. Кезекті оқу тәжірибесінен Су шаруашылығы және жерге орналастыру кафедрасы ВРВ-17-1 оқу тобының білім алушылары өтті.

Университеттің агробиологиялық участкесінде тәжірибеден өткен жас мамандарға Е.Н.Алимбаев жетекшілік етті. Студенттерге меңгерген теориялық білімдерімен қатар, тәжірибемен таныстыруда практика меңгерушісі К.Ж.Конысбаеваның да қосқан үлесі зор. Ол оқу практикасының орындалу барысы мен техникалық қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, жастарға үлкен сенім білдіріп, студентерге сәттілік тіледі. Осылайша, жастар өз мамандықтарына алғашқы қадамдарын жасады.

  Imdo/Images/News/1535.jpg          Imdo/Images/News/1536.jpg

JoomShaper