Студенттер экспедицияда

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті белсенді атсалысуда. Бағдарламаның «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобасы аясында университет жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы ортағасырлық Жанкент қалашығында кезекті далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Imdo/Images/News/1570.jpg«Жанкент археологиялық экспедициясына» университеттің мамандары қатысуда. Сондай-ақ, Археология және этнология мамандығы АЭ-16-1 мен АЭ-17-1 оқу топтарының студенттері де экспедиция құрамына қосылды. Білім алушылар экспедиция барысында өндірістік тәжірибеден өтеді. Оларға Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, доктор PhD – Ә.Ә.Тәжекеев жетекшілік етуде. Мамандықтарына алғашқы қадам жасаған жастар алғашқы күні ортағасырлық Жанкент қаласының және онда жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының тарихымен танысты. Imdo/Images/News/1571.jpgОған қоса, қазба нысанының орнын дайындау және көлемін анықтау, қазба барысының фотоқұжаттамасын дайындау, қазба нысанының сызбасын дайындау және қазба жұмыстарынан алынған жәдігерлерді жинақтау, тазалау, өңдеу сынды археологиялық қазба жұмыстарын жүргізудің әдістерін үйренуде. Одан бөлек, жас мамандар археологиялық барлауды жүргізу әдістерімен де танысып, тәжірибелік білімдерін шыңдауда.
Еске сала кетсек, 2005-2019 жылдар аралығында Жанкент ескерткішінде 9 қазба нысаны салынды. Бұл ескерткіште қазба жұмыстарымен қатар қайта қалпына келтіру және музеефикация жұмыстары да қолға алынған.
Жас мамандар уақыттарын тиімді өткізіп, жан-жақты белсенділік танытып жүр. Қазба жұмыстарынан тыс уақытта олар Қазалы ауданы, Кәукей ауылында орналасқан ортағасырлық Сараман-қоса мұнарасына барып, киелі жермен танысты. Сонымен қатар, футбол және шахмат ойындарынан топтық жарыстар ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын ұстануда. Осылайша университет студенттері бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуда.

JoomShaper