Қоршаған ортаны қорғау күні атап өтілді

1972 жылы 5 маусым БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні болып белгіленген болатын. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мерекесіне орай Қызылорда облысы экология департаменті мен «Эко-Қамқор Болашақ» қоғамдық бірлестігі 10 жылдан бері мектеп оқушылары арасында «Экология балалар көзімен» атты облыстық жас суретшілер байқауын өткізіп келеді.

Imdo/Images/News/1597.jpgОсы байқаудың жабылу салтанаты жыл сайын облысымыздағы қара шаңырақ – білім ордасы - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мамандары мен студенттерінің атсалысуымен өткізіледі.
Биылғы жылы мерекелік іс-шараға концерттік бағдарламамен инженерлік-технологиялық факультеті, «Математика және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Г.Ш.Аскарова мен факультет деканының орынбасары, философия докторы Н.А.Сақтағанова және кадастр, жерге орналастыру, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру мамандықтарының студенттері қатысты.
Кеш барысында экология саласының мамандары мен табиғат жанашырлары облыс әкімінің алғыс хаттарымен, «Экология саласына 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталса, университет оқытушы-профессорлары мен студенттері Қызылорда облысы экология департаментінің басшысы мен «Эко-Қамқор Болашақ» қоғамдық бірлестігі президентінің алғыс хаттарымен марапатталды.

JoomShaper