Олжас Сүлейменов: Әлемдік жолды таңдау

Тарих ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қ.профессоры Тастанбек Сәтбайдың «Олжас Сүлейменов: Әлемдік жолды таңдау» атты туындысы оқырман ықыласына бөленуде.

Бұл монографияда Олжас Сүлейменовтың өмірі мен Imdo/Images/News/1599.jpgқызметінің негізгі кезеңдері, ақынның ұлттық және жаһандық көзқарастары мен тұжырымдамаларының гуманистік қайнары, лингвистік танымының ерекшеліктері, қайталанбас тұлғаның болмыс –бітімі қарастырылған. Әлемдік тілтану мен сөзтануға, түркітану мен шығыстануға, тарих ғылымы мен өркениет үдерісіне қосқан үлесі сараланды. Нағыз шынайы мәдениеттің руханилығы басы ашық нәрсе. Сондықтан Олжас Сүлейменовтің жеке тұлғалық мәдениетінің бір ғана өлшемі бар, ол – биіктік. Ш.Айтматов пен Т.Бельгер айтпақшы - Олжас Сүлейменов қазақ мәдениетінің «биік шыңы» мен «Эйфель мұнарасы». Мыңдаған жылдық ғұмыры бар қазақ мәдениетінің рухани тау жоталарын – тарихтың қойнауларынан алып шыққан О.Сүлейменовтің өзі де, шынында да оның бір шыңына айналды. Ғалым Тастанбек Яхияұлы осы кітабында Олжас Сүлейменовтың қаламынан туған іргелі еңбектер әрбір қазақтың жүрегінің төрінен орын алғанын қалайды. Мұндай дүниені ұлттық бірегейлігі, ұлттық коды кемел де берік тұлға бере алады.

JoomShaper