Төл өнеріміз дәріптелді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қарқынды жұмыстар атқаруда.

Музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері кафедрасының ұйымдастыруымен «Атадан қалған аманат» атты әншілік, жыршылық өнердегі дәстүрлі орындаушылардың сайысы өтті. Байқаудың басты мақсаты - қазақ халқының дәстүрлі әншілік, жыршылық өнерін насихаттау. Жас өнерпаздар халық әні мен халық композиторларының шығармаларын және атадан балаға мирас болып жалғасқан төл өнер – термешілік, жыраулық дәстүрлі шығармаларын орындады. Сайыста қазылар алқасы әділ бағасымен төрелік етіп, жеңімпаздарды анықтады. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды ТМИ-17-1 оқу тобының студенттері атанды. Бірінші орынды иеленіп, жеңімпаз атанған Жәнібек Жақсанов болса, екінші орынды Ғалымжан Шәріпхан лайық деп танылды. Ал, Жұлдызай Тұрлығұлова үшінші орынды алды. Жас мамандар осылайша төл өнерді дәріптей түсті.              

                    Imdo/Images/News/1604.jpg                        Imdo/Images/News/1605.jpg

JoomShaper