Еңбек жолына жолдама

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулысы негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша «Ауылдық квота» шеңберінде оқуын бітіретін білім алушылар ауылда, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтеуге және «Мемлекеттік грант тапсырысы» негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша оқуын бітіретін білім алушылар қалада орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтеуге міндеттелген.

Imdo/Images/News/1610.jpgОсы орайда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімі «Ауылдық квота шеңберінде және мемлекеттік грант тапсырысы» негізінде бітіруші түлектерді жұмысқа бөлу комиссияның отырысын ұйымдастырып, өткізді.Құзыреттілікті дамыту және жұмыспен қамту бөлімінің бастығы С.Т.Жарбулова, бөлімнің практика меңгерушісі К.Ж.Конысбаева, бөлім әдіскері А.К.Жумагулова қаңтар, наурыз, сәуір, мамыр айларында 26 бітіруші болашақ мұғалімдер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Imdo/Images/News/1612.jpgбітіруші түлектерді жұмысқа бөлу комиссиянын отырысында университет ректорының міндетін атқарушы Б.Ж.Абдикаримов жұмысқа орналасқан бітіруші 8 түлекке жолдама табыстады.  Университет ректорының міндетін атқарушы Б.Ж.Абдикаримов өз сөзінде түлектердің міндетті үш жыл жұмысты өтеу жөніндегі міндеттерін бұзған жағдайда мемлекеттің оларды оқытумен байланысты шығыстарын өтеуін қамтамасыз етуі заң жүзінде қарастырылғанына назар аударды. Бітіруші түлектерді жұмысқа бөлу комиссиясының отырысынды комиссия Imdo/Images/News/1609.jpgмүшесі, облыстық білім беру басқармасы әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы Г.К.Дүйсембаева университеттің «Физика» мамандығының бітіруші түлегі А.Ж.Құрманғали мен «Екі шетел тілі» мамандығының бітіруші түлегі Н.П.Жомартоваға №10 дарынды балаларға арналған Білім-инновация лицейіне қызметке қабылданғанын растайтын еңбек кітапшаларын салтанатты түрде табыстап, жас мамандардың педагогикалық еңбек жолына сәттілік тіледі.«Ауылдық квота шеңберінде және мемлекеттік грант тапсырысы» негізінде бітіруші түлектерді жұмысқа бөлу комиссияның отырысы нәтижелі қорытындыланды.

JoomShaper