Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары университет мұражайымен танысты

«Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіненің мұражайымен танысты.

Өз өңірімізбен қатар, Алматы, Қостанай шаһарларынан келген зияткерлік мектебінің оқушылары мен оқытушылары «Археология және этнография ғылыми зерттеу орталығының» көрме залының ішін аралау барысында өңірімізде орналасқан тарихи жәдігерлермен танысып, ескі қала орындарын көрді. Сонымен қатар университет суреттер галерясы мұражайы және Тұңғыш елбасы және Тәуелсіз Қазақстан оқу көрме залын тамашалады.
Айта кетейік 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі 240-тан астам Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қазақстанның барлық облыстарына саяхаттауға мүмкіндік алып отыр. Мақсат – әр аймақтың жер-су аттары, шығу тарихымен таныстыру. Жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз - мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.

                      Imdo/Images/News/1619.jpg    Imdo/Images/News/1620.jpg

JoomShaper