Жас маман, жаңа өмірге қадам басты!

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Инженерлі экологиялық, инженерлі технология факультеттерінің 2018-2019 оқу жылының бітіруші түлектеріне диплом табысталды.

Университет ректорының міндетін атқарушы Б.Ж.Абдикаримов университетте үздік оқумен қатар, білім ордасының қоғамдық өміріне белсене атсалысқан, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға лайықты үлес қосқан бірнеше жасты алғыс хатпен марапаттады. Атап айтқанда биыл Инженерлі экологиялық факултетінде магистратура біліктілігі бойынша 22, бакалавр дәрежесі бойынша 99 студентке диплом табысталды. Оның 14-і үздік диплом иегері. Инженерлі технологиялық факультетінде 26 магистрант, 46 бакалавр біліктілігі бойынша диплом табысталды. Оның ішінде үздік диплом иегері 9. Облысымыздағы іргелі оқу орны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистр, бакалавр дәрежелерін иеленген жас мамандарға университет басшылығы үлкен өмірге сәттілік тіледі.

                Imdo/Images/News/1640.jpg   Imdo/Images/News/1641.jpg

JoomShaper