Диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғады

 2019 жылдың 28 маусым күні 8D011 – Педагогика және психология (6D010300-Педагогика және психология мамандығы), 8D013-Пәндік мамандырылмаған мұғалімдерді даярлау (6D010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы) бағыттары бойынша алғаш рет біріккен Диссертациялық кеңестің екі мәжіліс отырысы өтті.

Imdo/Images/News/1655.jpgБірінші мәжіліс отырысында докторант Байулов Ғани Бекхожаевич «Тәуелсіз Қазақстандағы музыкалық білімнің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында жазылған диссертациялық жұмысын сәтті қорғады. Екінші мәжіліс отырысында докторант Жанат Сапарқызының «Влияние здоровосберегающих технологий на совершенствование умственной деятельности студентов» атты даярлаған диссертациялық жұмысы талқыланып, сәтті қорғалды. Бұл жұмыстар Педагогика және Imdo/Images/News/1656.jpgпсихология кафедрасының базасында әзірленген. Отандық ғылыми жетекшілері – п.ғ.д, профессор м.а. Шарбан Мусабековна Майгельдиева, пс.ғ.к, қауым.проф.м.а Алмагуль Жандильдаевна Аяганова. Шетелдік кеңесшілер – Орынбор мемлекеттік университетінің профессорлары, педагогика ғылымдарының докторлары Сергей Михайлович Каргопольцев және Людмила Викторовна Зубова.
       Ашық түрде қорғалған диссертациялық кеңес мәжілісіне Орынбор мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д. Каргапольцева Наталья Александровна және еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарының ғалымдары диссертациялық кеңес мүшесі және ресми рецензент ретінде қатысты. Ғ.Байулов пен Ж.Сапарқызының диссертациялық жұмыстарының ашық түрде қорғау негізінде және жасырын дауыс беру нәтижесінде PhD философия докторы дәрежесін беруге ұсынылды.

 

 

                                           Imdo/Images/News/1657.jpg     Imdo/Images/News/1659.jpg

 

 

JoomShaper